Зертханалық жұмыс №7. InterBase/Firebird SQL-сервері. Interactive SQL программасы. ДБ құру. Домендермен жұмыс істеу.

Мақсаты: InterBase/Firebird SQL-серверін тіркеуді және ДБ құруды; утилиталарды қолдануды үйрету

Тапсырма: «Қойма» ДБ локалды серверде құру және тіркеу

Теориялық мәліметтер

Клиент-сервер архитектурасында клиент-программа желіге салмақ түсірмей, тез орындалуды талап ететіндіктен, ақпараттық жүйеде қарастырылатын мәселеге қатысты негізгі бизнес-әрекеттер серверде іске асырылады. Мысал ретінде электронды сауалнама жүйесін жобалауды жалғастырамыз; алдыңғы кезеңдегі ERwin программасында деректер базасын жобалау барысында анықталған метадеректерді пайдаланып, ақпараттық жүйенің деректер қорын Borland InterBase6.5 SQL-серверінде анықтайық. Ол үшін

Start|InterBase|IBConsole

нұсқауы арқылы SQL-сервердің құрамындағыIBConsole утилитасын іске қосамыз.

IBConsole – серверді баптау, серверде деректер базасын анықтау және басқаруға қатысты барлық амалдарды іске асыруға болатын және интерактивті режимде серверге SQL-сұраныстарды жазып, орындауға мүмкіндік беретін InterBase пакетінің құрамындағы графикалық утилита болып табылады.

Жалпы InterBase серверінің іске қосылғандығын Windows-диспетчері арқылы ibquard.exe және ibserver.exe файлдарыныңорындалуы бойынша тексеруге болады (2.9-сурет). Қажет болсы осы файлдарды белгілеп, Процесті тоқтату батырмасын басу арқылы сервердің жұмысын тоқтатуға болады.

2.9-сурет. Windows-диспетчер терезесі     2.10-сурет. InterBase Manager арқылы серверді басқару

InterBase-серверді іске қосу немесе тоқтату үшін InterBase Manager терезесін пайдалануға болады (2.10-сурет).

InterBase6.х және Firebird1.0.х жүйелерінде әртүрлі пайдаланушының серверде жұмыс істеу мүмкіндігі болуы үшін isc4.gdb файлында сақталған (InterBase7.х үшін admin.ib, Firebird1.5 үшін security.fdf) қауіпсіздік деректер базасы қолданылады. InterBase/Firebird сервері компьютерге орнатылғанда, бұл базаның Users кестесінде құпия сөзі (password) masterkey болып табылатын SYSDBA пайдаланушысына  қатысты бір ғана жазба болады. Сервердегі базаларға шектеусіз құқығы бар бұл пайдаланушыны базадан өшіру немесе атын өзгерту мүмкін емес, бірақ оның құпия сөзін (password) өзгертуге болады.SYSDBA пайдаланушысы серверде кез келген пайдаланушыны (user) тіркей алады.