№4  Зертханалық жұмыс

Erwin-мен жұмыс істеу негіздері.  Деректердің логикалық моделін құру

Жұмыс мақсаты:

  • Erwin-де жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
  • Жүктелген нысандық шеңбердің логикалық моделін құрастыру;

Тапсырма:

Erwin көмегімен тауарларды келісімшарт негізінде  жеткізудің логикалық ақпараттық моделін жасау;

Жұмысты орындау жүйесі:

  1. Тұтынушы интерфейсімен танысу
  • Erwin бағдарламасын қосыңыз
  • Шыққан диалогтық терезесінде Crеаte а New Model қосқышын орнатыңыз. Экранда Create Model – Select Template диалогі пайда болып, онда модельдеу дәрежесін таңдау қажет.

Erwin модельдеудің 2 дәрежесіне ие: логикалық және физикалық. Логикалық деңгейде деректер шындықтағыдай болып көрінеді. Логикалық деңгейдің нысандары мәндер мен атрибуттар болып табылады.

Физикалық деңгейде модель тұтынушымен таңдалатын деректер базасын нақты жүзеге асыруға тәуелді болады. Модельдің физикалық деңгейге өту кезінде мәндердің кестеге, ал атрибуттардың жолдарға трансформациясы жүзеге асады. Сондықтан физикалық модельдің барша атаулары мен сипаттамалары таңдалған ДББЖ (СУБД) үшін қабылданған келісімшарттармен сәйкесуі тиіс.

  • Логикалық және физикалық деңгейлеріне ие модельді жасау үшін Logical/Physical қосқышын орнатыңыз.
  • DataBase және Version жолдарында моделі жасалынатын сервердің типі мен нұсқасы көрсетіледі. Тізімнен Access, 2000 таңдап, ОК пернесін басыңыз.
  • Экранда бағдарламаның негізгі терезесі шығады.

Терезенің үстіңгі жағында титулды тармақ орналасқан, онда бағдарлама аты, модель атауы, жиынтық (Subject Area) және сақтаулы бейненің атауы (Stored Display)  көрсетіледі.

1.1 сурет

Бағдарламаның негізгі ортасын жұмыс аймағы алады, онда ER-диаграммасы жасалады.

Логикалық және физикалық деңгейлер арасында өту үшін құралдар панелінде тізім бар (1.1 сур.).

Бұл тізімнен басқа, құралдар панелінде пернелер де бар (1.1 кестесіне қараңыз).

Erwin бағдарламасының құралдар панелінде орналасқан пернелер

Перне Қызметі
Модельдің жасалу, ашу, сақтау мен басылуы
Есептерді генерациялау үшін Report Browser диалогын шақыру
Модельді қарау деңгейін өзгерту: мәндер, атрибуттар, анықтауыш деңгейлері
Модельді қарау масштабын өзгерту
ДБ сызбасының генерациясы, сызбаны модельмен тегістеу және сервер таңдау (тек физикалық модель деңгейінде ғана қолжетімді)
Subject Area моделінің аумақтары арасында ауыстыру
  • сурет. Логикалық деңгейдегі құралдар палитрасы

Модельдің элементтерімен тікелей жұмыс жасау үшін бағдарламада «қозғалмалы терезе» түріндегі құралдар палитрасы (Erwin Toolbox) бар (1.2 суреті). Қажетінше құралдар палитрасын экраннан алып және шақыру үшін «CTRL-T» пернелерінің комбинациясын басуға болады.

  1. Сақтаулы бейнелерді жасау

Модельді құрастыру барысында ол бірнеше деңгейлі детализациядан өтеді. Сондықтан біз  мәндер мен атрибуттар деңгейінде сақтаулы бейнелердің екі «закладкасын» құрып аламыз.

  • Бас мәзірдің FORMAT | Stored Display Settings пунктін таңдаңыз. Экранда сақтаулы бейнелерді өзгертудің терезесі пайда болады (1.3 сурет).

Терезенің жоғарғы бөлігінде модельдің сақтаулы бейнелерінің тізімі орналасқан. Қазіргі уақытта онда

Display1 үнсіздігі бойынша жасалатын тек бір бейне бар. Терезенің төменгі бөлігінде модель бейнеленуінің қасиеттерін беруге арналған закладкалары бар бірнеше баттер болады.

  • Author жолындағы General қосымшасында пернетақтадан өз атыңызды енгізіңіз.
  • Logical Model опциясын (логикалық модель – сақтаулы бейне тек логикалық деңгейде ғана пайдаланылады) және Display Shadows (көлеңкелерді көрсету-мәндердің тікбұрыштары экранда «көлеңкесімен» бейнеленеді) орнатыңыз.
  • Relationships lines жиектемесінде (байланыс сызықтары) мәндер арасындағы байланыс сызықтарын бейнелеу тәсілдері орнатылады. Orthogonal (ортогоналды) режимінде байланыс сызықтары XY осіне параллель қойылады, (Diagonal) диагоналды режимінде байланыс сызықтары еркін бұрышпен қойылады. Үнсіздік бойынша байланыс бейнелерінің ортогоналды режимі жүктелген, бұл баптауды өзгеріссіз қалдырыңыз.
  • Logical белгісіне өтіңіз (логикалық деңгей).
  • Display Level (бейнелеу деңгейі) ауыстырғышын Entity (мән) қалпына қойыңыз. Осылайша экранда мәндер атрибуттарсыз көрсетіледі.
  • Диаграммада етістікті фразалардың шығуы үшін Verb Phrase (етістікті фраза) жалаушасын орнатыңыз. Ол фразалар мәндер арасындағы байланысты атайды. Берілген беттегі басқа жалаушаларды өзгеріссіз қалдырыңыз.
  • Display1 бейнесінің атын Rename пернесін баса өзгертіңіз. Шыққан диалогтан Мәндер деңгейі бейнесінің атауын енгізіңіз. ОК пернесін және тағыда ОК-ді басыңыз. Бұл атау титулды жол мен экранның төменгі жағындағы закладкада шығады.
  • Мәзірдің FORMAT | Stored Display Settings пунктін қайта таңдап, Атрибуттар деңгейі атауымен тағы бір сақтаулы бейнені жасаңыз. Бұл үшін New пернесін басып, атауды клавиатурадан енгізіңіз.
  • Тізімнен Атрибуттар деңгейі бейнесін таңдап Logical бетінде 1.4 суретте көрсетілгендей ауыстырғыштарды орнатыңыз.

1.4 суреті. Атрибуттар деңгейінің қасиеттерін орнату

Енді диаграмманың әр деңгейлі детализациясы бар екі бейне анықталды, мәндер режимінен атрибуттар деңгейіне өту үшін сызбаның төменді жағындағы тиісті закладканың үстінен басып қою жеткілікті (1.5 сурет).

1.5 сурет. Сақтаулы бейнелердің закладкалары

  • Модель құрастыруын бастау кезінде, шрифті баптауларын орындау қажет. Бұл үшін бас мәзірдің FORMAT | Default Fonts & Colors пунктін таңдаңыз. Шыққан редакторлау терезесінен General қосымшасына өтіп, Font тармағындағы All Fonts тобында тізімнен Arial Cyr шрифтін таңдап, ОК басыңыз.
  1. Модельге мәндерді енгізу

Берілген кезеңде модельге нысандық аумақты талдау нәтижесінде анықталған келесі мәндерді енгізу қажет (тауарды келісімшарт негізінде жеткізу): сатып алушы, келісімшарт, жүкқұжат, тауар, қойма.

  • Құралдар панелінде (ERwin Toolbox) мәнділік пернесін тінтуірдің сілтеуішімен  басып таңдаңыз. Кейін тінтуірмен жаңа мәнді қоюға қажетті диаграммадағы орынға басыңыз. Диаграмма жолағында автоматты түрде генерациялаған «Е/1» атауына ие жаңа мәнді бейнелейтін тікбұрыш пайда болады.
  • Пернетақтадан «Сатып алушы» мәнділігі атауын енгізіп, Enter басыңыз.
  • Дәл осылайша диаграммаға тағы да төрт мәнді кіргізіңіз: келісімшарт, жүкқұжат, тауар, қойма.
  • Мәнділіктің үстінен тінтуірдің оң пернесін басып, контексті мәзірден Entity Properties пунктін таңдап, Entities мәнділіктер редакторын шақыруға болады (1.6 сурет), ол таңдалған мәнділіктің қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мәнділіктер редакторын бас мәзір арқылы шақыруға болады: Model | Entities

1.6 сурет. Мәнділік редакторы

Редактор терезесінің үстіңгі бөлігінде диаграммада бар  барлық мәнділіктердің тізімі орналасқан. Оның көмегімен қасиеттерін көруге немесе өзгертуге қажетті мәнділікті таңдауға болады. Үйреншікті таңдалған мәнділік ретінде диаграммада тінтуірмен басылып, бөлініп көрсетілген мәнділік алынады. Атау өзгертуге келеді.

Төменірек редактор терезесінде закладка тізбегі орналасқан:

Definition (анықталуы) – бұл бетте мәнділік анықтамасы енгізіледі.

Note, Note2, Note3 (ескерту) – мәнділікпен байанысты еркін мәтінді енгізу үшін қолданылады, мысалы деректер үлгілері мен сұраныстар.

UDP –тұтынушымен анықталатын қасиеттер.

Icon (белгіше) көрнекілігі үшін әрбір мәнділікке белгіше берілуі мүмкін, ол оның атауымен қатар көрсетіледі.

  • Әр мәнділікке Definition анықтамасын енгізіңіз.
  1. Мәнділік атрибуттарының анықталуы

Мәндерді анықтаған соң, сызбаға осы мәндердің атрибуттарын енгізу қажет. 1.2 кестеде мәнділіктер тізімі мен қарастырулы нысандық аумағына тиісті сипаттамалары бар олардың атрибуттары берілген.

1.2 кесте

Мәнділіктер атрибуттарының сипаттамасы

Мәнділік типі
Атрибут Кілт Деректер типі
Сатып алушы КОД_ПОК PK Number
ИНН
Number
НАИМ_ПОК String
АДРЕС_ПОК String
ТЕЛ String
НОМ_РСЧ String
Банк String
Тауар КОД_ТОВ PK Number
НАИМ_ТОВ String
ЕИ String
ЦЕНА Number
СТАВКА_НДС Number
Қойма КОД_СК
PK
Number
НАИМ_СК String
АДРЕС_СК String
ОТВ_ЛИЦО String
Келісім шарт НОМ_ДОГ PK Number
ДАТА_ДОГ Datetime
СУММА_ДОГ Number
Накладная НОМ_НАКЛ PK Number
ДАТА_ОТГР Datetime
СУММА_НАКЛ Number
  • Сатып алушы мәнділігін тінтуірдің сілтеуішімен баса белгілеңіз, кейін Model | Attributes мәзір пунктін шақырыңыз. Тура солай етіп контексті мәзірдің Attributes пунктін басып орындауға болады. Осылайша экранда Attributes атрибуттар редакторының терезесі пайда болады.
  • Атрибуттар редакторы мәнділіктер редакторының принципімен құрылған. Диалогты терезенің жоғарғы бөлігінде түсетін тізім орналасып, онда редакциялауға мәнділікті таңдауға болады. Қасында мәнділіктер редакторын шақыратын перне болады.
  • Жаңа атрибуты енізу үүшін New пернесін басыңыз.
  • New Attribute диалогында Attribute Name жолында КОД_ПОК атрибутының атын енгізіңіз, Column Name жолында бағанның физикалық моделіндегі атрибутқа тиісті атауды кіргізу қажет. Үнсіздік бойынша Erwin атрибут атауынан баған атын генерациялап, астын сызу символымен аралықты ауыстырады. Моделін жасаулы жатқан Access ДББЖ кесте бағандарының идентификатрларында орыс әліпбиі әріптерін пайдалануды қолдап жатқандықтан, Column Name-дегі үнсіздік бойынша қойылатын мәнді біз өзгеріссіз қалдырамыз.
  • Domain тобында ДББЖ-де қолданылатын деректердің негізгі типтерін қамтитын домендер тізімі орналасқан: тармақтық (string), сандық (number), екілік (blob). КОД_ПОК атрибуты үшін Number сандық доменін таңдаңыз.
  • ОК пернесін басып алғаннан кейін атрибут редактор терезесінде шығады.
  • КОД_ПОК атрибутын белгілеп, General закладкасында Primary Key жалаушасын орнатыңыз, себебі берілген атрибут Сатып алушы мәнінің бірінші кілті болып табылады.
  • Осыған ұқсас тәсілмен Сатып алушы мәнінің басқа да атрибуттарын 1.2 кесте бойынша енгізіңіз.
  • Нәтижесінде атрибуттар редакторы терезесі 1.7 суртте көрсетілгендей болады.

Тізімдегі атрибуттардың тізілу жүйесін тізім терезесінің үстінде орналасқан сілтеушесі бар пернелермен өзгертуге болады. Бұл үшін тізімде керекті атрибутты таңдап, осы пернелердің біреуін басу қажет, сосын атибут тізімде пернеде бейнеленген сілтеуше бағытында орнын өзгертеді.

  • ОК пернесін басыңыз

1.7 сурет Сатып алушы мәнінің атрибуттары

  • Естеріңізге салсақ, біз екі сақтаулы бейнелерді жасадық – «Мәнділікте деңгейлері» және «Атрибуттар деңгейі». Осыған дейін біз мәндер деңгейінде жұмыс жасадық, онда мәнділік ішінде мән атауы бар тік бұрыш болып бейнеленді. «Атрибуттар деңгейлері» қосымшасына өтіңіз. Бұнда мәндер тікбұрышты болып бейнеленеді, бірақ мән атауы тікбұрыштің үстінен жазылып, ал ішінде атрибуттар тізімі беріледі. Тікбұрыш 2 бөлікке бөлінеді. Жоғарғы бөлігінде бірінші кілт атрибуттары беріліп, төменде басқалары орналасады.

Диаграммада әзірше тек Сатып алушы мәнділігінің атрибуттары анықталған, сондықтан басқа мәндер бос тұр.

Диаграммадағы қалған мәндердің атрибуттарын 1.2 кестесімен сәйкес анықтаңыз.