Зертханалық жұмыс № 3. «Қойма» пәндік облысы тапсырмасының қойылымы және тақырыпты талдау. ДБ жобалау, қатынастарды қалыпқа келтіру. «Маңыз-байланыс» диаграммасы.

Мақсаты: пәндік саласаның мәселесін анықтауды және талдау жүргізуді үйрету

Тапсырма: «Қойма» пәндік облысы тапсырмасының қойылымы және тақырыпты талдау

Теориялық мәліметтер

Мәселенің қойылымы: Жоғары оқу орындарында әлеуметтік сауалнама жүргізу білім беру сапасын бағалаудың қосымша әдістерінің бірі болып табылады. Сауалнама білім беру үрдісін ұйымдастырудың деңгейін және университеттің құрылымдық бөлімдерінің қызметтерін бағалауда шынайы мәлімет алу мақсатында жүргізіледі және мұндай әлеуметтік зерттеудің нәтижелері мамандардың кәсіби қызметін бағалау үшін пайдаланылады.

Тараз мемлекеттік университетінде «Білім сапасын бақылау» орталығында оқу үрдісінің сапасына оқу жылы бойында жүйелі түрде мониторинг жүргізіледі. Осы бағытта білімгерлер мен магистранттар және оқытушылар арасында «Оқытушы білімгерлер көзімен», «Факультет деканы туралы көзқарас», «Кафедра меңгерушісі туралы көзқарас», «Емтихандық сессия ұйымдастыру туралы» және т.б. тақырыптағы әлеуметтік сауалнамалары жүргізіледі.

Университет көлемінде осындай ауқымды сауалнамаларды ұйымдастыру және нәтижесін сараптау көлемді ақпараттарды жинақтауды, сақтауды және өңдеуді қажет етеді. Осыған байланысты туындайтын «Электронды сауалнама» ақпараттық жүйесінің мақсаты — заманауи ақпараттық және компьютерлік құралдарды пайдалану арқылы сауалнамаға қатысты деректер ағымын  жеделдетіп өңдеу болып табылады.

Электронды сауалнама жүйесінің деректер базасын ERWIN программасында жобалау: логикалық модельдеу барысында тақырыпты Оқытушы және Сауалнама деп аталған екі облысқа жіктейміз.

Деректердің ER-моделінде өзара байланыстағы кестелердің арасында сәйкес триггердің анықталуына әсер ететін сілтеме үйлесімділік (туынды кесте жағынан) және әсерлі амалдар (аналық кесте жағынан) шарттары анықталған.

Kafedra (Parent) және Prepod (Child) кестелерінің байланысындағы I:R, U:R  сілтеме үйлесімділік және D:R, U:C әсерлі амалдар шарттары:

  • I:R шарты Prepod кестесіне жазба енгізгенде Cod_kaf жиегіне Kafedra кестесінде тіркелмеген кафедра кодын енгізуге жол бермейді, ал U:R шарты Kafedra кестесіндегі бұрын енгізілген жазбаны түзету кезінде Cod_kaf жиегінің мәнін Kafedra кестесінде тіркелмеген кафедра кодына түзеуге тиым салады
  • D:R шарты егер Prepod кестесінде қандай да бір кафедраға кемінде бір адам тіркелген болса, онда басыңқы Kafedra кестесінен ол кафедраға сәйкес жазбаны өшіруге жол бермейді; бұл жағдайда алдымен Prepod кестесіндегі қажетті кафедра туралы жазбаны алдымен өшіріп, содан соң ғана  аналық Kafedra кестесінен кафедраны өшіруге мүмкін болады.